Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында аудан әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваның қолына қызғалдақ ұстап түскен суреті әлеуметтік желіге жариялағаны туралы хабарлаған едік. Осыдан кейін шенеунік даудың ортасында қалды. Өзінің айтуынша, гүлдерді оған табиғат аясында демалып жүрген кезінде қыздары сыйлаған, яғни олар гүлдерді сол жерде теріп алған. Алайда жергілікті әкімдік бұған дейін бұл гүлдерді жұлуға тыйым салынғанын ескерткен болатын, өйткені қызғалдақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Шенеуніктің гүл ұстаған суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция тексеріс жүргізіп, әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
"Анықтау нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен қамқорлық жасау міндеттерін орындамау") әкімшілік хаттама толтырылды, себебі оның айтуынша, гүлдерді кәмелетке толмаған балалары теріп алған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 10-15 айлық есептік көрсеткіш (39 320 - 58 980 теңге) көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Отделение СФР по Москве и Московской области с 2025 года автоматически установило надбавки к пенсиям более 743 тысяч жителей региона с инвалидностью I группы и гражданам старше 80 лет
Юлия Высоцкая и Андрей Кончаловский завершили вхождение в группу аптек «Планета Здоровья»
Роме требуются аппараты на голеностопные суставы и курс реабилитации
Косметолог Наталья Рябинова стала лучшей и названа «Женщиной года»
Беспроводной сканер штрих-кодов SAOTRON P05i промышленного класса
«Российская газета» и «Роскосмос» провели масштабную акцию в поддержку Поискового движения России
В Нарьян-Маре работники прокуратуры вместе с учащимися ГБУ Ненецкого автономного округа «Ненецкая средняя школа имени А.П. Пырерки» приняли участие в мероприятиях, посвященных 80-летию Победы в Великой Отечественной войне