Астана мен Алматыда жел соғып, найзағай ойнайды
Синоптиктер Астана мен Алматыда 1-3 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
1 тамызда елордада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр және найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус.
2 тамыз – бұлтты, ашық кезеңдерімен, қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай сақталады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +13…+15, күндіз +21…+23 градус.
3 тамыз – түнде және таңертең жаңбыр мен тұман болжанады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13, күндіз +19…+21 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
1 тамызда мегаполисте құлымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін. Температура түнде +20…+22, күндіз +31…+33 градус.
2 тамыз – қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай сақталады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 18 м/с дейін. Температура түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.
3 тамыз – құлымалы бұлтты, қысқа мерзімді жауын-шашын. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с, екпіні 18 м/с дейін. Температура түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!