Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті АҚШ президенті Дональд Трамптың белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құжатқа халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ жарғысына сәйкес қол қойылғанын атап өтті. Тиісінше, бұл Әзербайжан мен Арменияның стратегиялық мүдделеріне толығымен сай келеді, сондай-ақ Кавказда халықаралық ынтымақтастықтың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Қазақстан Әзербайжанның стратегиялық серіктесі ретінде өңірде көптен күткен бейбітшіліктің орнауын шын ниетпен қолдайды.
Мемлекет басшысы Астананың алдағы уақытта келіссөзге арналған алаң ұсынуға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің көшбасшылығымен Әзербайжанның халықаралық аренада абырой-беделі арта түскенін атап өтті.
Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланысты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
Әзербайжан президенті Қазақстан Президентінің құттықтауына ризашылық білдіріп, ұзақ жылдарға ұласқан нәтижесіз келіссөздерден кейін осындай келісімге келудің тарихи маңызы зор екеніне назар аударды. Ильхам Әлиев өз елінің Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
The US Air Force wants to test blowing up Cybertrucks because 'it is likely the type of vehicles used by the enemy may transition to Tesla Cyber trucks'
Находи идеальные места для персонажей-фигурок в «Is This Seat Taken?»
Steam for Chromebooks is getting axed in 2026 instead of exiting its 4-year beta
Mafia: The Old Country получила положительные оценки в Steam
Подросток на Мersedes сбил пешехода на трассе в Керчь
Сергей Карякин: 7 августа на поезде из Москвы в Симферополь выехали участники специальной спортивно-образовательной программы «Шахматный лагерь Сергея Карякина», которая стартует в Международном детском центре «Артек»
На консервном заводе в Симферополе изъяли 12 тонн небезопасного сырья
Анастасия Гридчина: В Симферополе, в стенах гостеприимного Дома дружбы народов, состоялась торжественная презентация военно-патриотических изданий, увидевших свет в 2025 году благодаря усилиям Медиацентра им. И. Гаспринского