Жамбыл облысында экономикалық өсім 13,8%-ды құрады
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы экономикалық өсім 13,8%-ды құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика тіркелді: өнеркәсіп – 20,6%-ға, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 15,4%-ға, ауыл шаруашылығы – 4,3%-ға, құрылыс – 11,5%-ға, тұрғын үй құрылысы – 2,2%-ға, сауда – 3%-ға, көлік – 11,8%-ға, байланыс – 9,6%-ға өсті.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 627,6 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға артты. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 64%-ды құрап, алты айда 401,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Экономикалық өсімнің қозғаушы күштері ретінде химия өнеркәсібі (1,3 есеге өскен), тамақ өнеркәсібі (1,2 есеге), құрылыс индустриясы (1,6 есеге), машина жасау (1,5 есеге), қағаз өндірісі (1,3 есеге), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (1,9 есеге) артқан.
Ауыл шаруашылығы саласында 98,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, барлық аудандарда оң нәтиже байқалды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 301,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты. Биыл жалпы құны 175 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 1143 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта 11,5 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылып, 148 жұмыс орны құрылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 138,7 млрд. теңгеге жетіп, 11,5%-ға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 317,7 мың шаршы метр, өсім – 2,2%. Қазіргі таңда бюджет есебінен 2550 пәтерлік 52 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сообщение Жамбыл облысында экономикалық өсім 13,8%-ды құрады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.