Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Қазақстанның KASE қор биржасындағы күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақталған орташа курсы 542,29 теңге болды, бұл 0,49 теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Ұлттық банк ресми курсы 12 тамызға 542,66 теңге болып белгіленген. Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа 541,47 теңге болса, сату 543,63 теңге деңгейінде. Астана айырбастау пункттерінде долларды орташа 538,73 теңгеге сатып алады, 545,71 теңгеге сатады.
31 шілдеде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар курсы туралы болжамымен бөлісті.
"Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллардың курсы қайтадан төмендейді. Ол бұрынғыдай жоғары болмайды. Біз бұны түрлі жағдайларда бірнеше рет көрдік, курс тұрақталды. Менің ойымша, Ұлттық банк бұл үшін бар күшін салады және нарық өз қажеттілігінше жұмыс істейді", – деді ол үкіметтегі брифингте.
Сонымен қатар, 30 шілдеде Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллардың бағамы 550 теңгеден асты. Кейін Ұлттық банк валюталық интервенцияларды бастағанын хабарлады. 1 тамызда реттеуші «теңгені құтқару» үшін сол күні 125,6 миллион доллар жұмсағанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов теңгенің курсы және девальвацияға қатысты журналистердің сұрағына жауап берген болатын. Оның айтуынша, курс тек нарықтық принциптерге негізделіп қалыптасады және қазір ұлттық валютаның құбылуына әкелетін факторлар жоқ.
"Курсымыз нарықтық факторларға негізделеді, Ұлттық банк тарапынан ешқандай араласу жоқ. Бүгінгі бағалауымыз бен көптеген беделді сарапшылардың пікірінше, теңгенің күрт әлсіреуіне ешқандай негіз жоқ, – деді үкімет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!