Талдықорғанда жергілікті қонақүй әкімшісін аса қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақсу ауданы Матай ауылының 23 жастағы тұрғынын 18 жылға бас бостандығынан айырды. Сот дерегінше, биыл 23 мамырда сотталушы Талдықорғанға келіп, жергілікті қонақүйден бөлме жалдаған. Бір тәуліктен соң ол 43 жастағы әйел әкімшінің беті мен денесіне бірнеше соққы жасап, кейін кіреберістегі өрт сөндіргішпен 4–5 рет басынан ұрған. Одан соң темір қайшымен бірнеше рет жарақат салған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Тергеу мәліметінше, айыпты қылмыстан кейін әкімші мен қонақүй иесіне тиесілі ұялы телефондарды ұрлап, ізін жасыру үшін тіркеу орнына от қойған. 35 адам эвакуацияланды, мәйіт табылды Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, ғимараттан 35 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Өрт сөндірілген соң, зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Күдікті бірнеше сағат ішінде қолға түскен.
"Бейнебақылау камераларын қарау барысында қылмыскердің маска кигені анықталды. Бейнематериалдарды мұқият зерттегенде оның ерекше жүрісі назар аудартты. Сол арқылы кім екенін анықтадық – ол бұған дейін де жауапқа тартылған 23 жастағы Ақсу ауданының тұрғыны болып шықты. Оны жедел уәкілдер Талдықорғанның орталығында қолға түсірді. Үстінен ұрланған заттар табылды. Күдікті бірден полицияға жеткізіліп, қамауға алынды", – деді Жетісу облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Дәурен Сәкенов.
Айыптау және үкім Айыпталушыға ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша – кісі өлтіру, ұрлық және мүлікті қасақана жою – айып тағылды.
"Айыпталушының кінәсі оның мойындауынан бөлек, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де дәлелдермен расталды. Бұл – аса ауыр қылмыс санатына жататын іс, сондықтан тек бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Сот үкімі бойынша ол 18 жылға сотталды. Сонымен қатар, жәбірленушілер пайдасына 18 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық шығын өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Космическая Анжелика. Слетав на Луну, она собирается отправиться на Марс
ГЛАВНАЯ СЕНСАЦИЯ ВСТРЕЧИ ПУТИНА И ТРАМПА, ДО ВСТРЕЧИ! ВЫСШАЯ АКАДЕМИЯ УПРАВЛЕНИЯ МИРОМ: ПРОГРАММНЫЕ ИНТЕЛЛЕКТЫ ПОМОГАЮТ! Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества!
Хачанов займёт первую позицию среди российских теннисистов после завершения турнира в Цинциннати
Путин пообщался с православным священником Алексием и вручил ему подарок
Путин пообщался с православным священником Алексием и вручил ему подарок
"Вечерний Барнаул". Первый гроссмейстер из Алтайского края Алексей Сорокин рассказал о своей жизни за океаном
ГЛАВНАЯ СЕНСАЦИЯ ВСТРЕЧИ ПУТИНА И ТРАМПА, ДО ВСТРЕЧИ! ВЫСШАЯ АКАДЕМИЯ УПРАВЛЕНИЯ МИРОМ: ПРОГРАММНЫЕ ИНТЕЛЛЕКТЫ ПОМОГАЮТ! Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества!
Смерть в стакане: психиатр-нарколог раскрыл, как отличить поддельный алкоголь до первой рюмки