Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы-Бішкек тасжолының 107-шақырымында болған жол апаты бойынша полиция соталды тергеуді бастады.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Lexus маркалы көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!