Степногорскте зейнеткер “инвестицияға“ саламын деп 5,7 миллион теңгеден айырылып қалған
Степногорск тұрғыны жалған инвестицияларға қаржы салып, 5,7 миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы полициясының мәліметінше, зейнеткер алаяқтардың құрбаны болған. Ол интернеттегі биржадан табыс табу туралы жарнамаларға сеніп қалған.
Тіркелгеннен кейін ер адамға "қаржы кеңесшілерінен" қоңыраулар түскен. Қысымға шыдамай, ол 1,6 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеп, кейін таныстарын да қарыз алуға үгіттеген. Нәтижесінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам ақша жиналған. Барлық қаражат үшінші тұлғалардың есепшотына аударылған.
Қазір алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Киберполиция дропперлер мен алаяқтықты ұйымдастырушыларды анықтауға тырысып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!