Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Павлодар облысында әкім мен фельдшердің кездесуі жанжалмен аяқталды

0

Павлодар облысында әкіммен кездесуден кейін фельдшерге дәрігерлердің көмегі қажет болды. Жанжал кешкі уақытта іс-шара кезінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы Қоянды ауылдық округінің әкімі мен ветеринария фельдшері арасындағы оқиға туралы ақпарат тарады. Автрлар зардап шеккен адамның миы шайқалып, жарақат алғанын, ал полицейлер қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын жазған. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде ауылдық округ әкімі мен фельдшер арасындағы жанжал туралы ақпарат тарады. Оқиға кешкі уақытта, қызметтік міндеттерінен тыс уақытта, олар бірге іс-шараға қатысқан кезде болған. Жағдай тұрмыстық сипатта болған және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Жанжалға түскен тараптар татуласқан, бір-біріне шағымдары мен наразылықтары жоқ", - деп түсіндірді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен фельдшерге медициналық көмек көрсетілгенін растады. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

"Оған "жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, беттегі жарақат, алкогольдік масаңдық" деген алдын ала диагноз қойылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса