Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

0

Абай облысында Омбы – Майқапшағай тас жолында болған жол апатынан 4 адам қаза болды. Бұл жөнінде Абай облысының полиция департаменті хабарлады.

"3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу. Апат салдарынан төрт адам қаза болды" деп жазылған полицияның хабарламасында.

Департамент жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жол ережелерін бұзбауға шақырды.

Ішкі істер министрлігінің статистикасы бойынша, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2500 адам жол апатынан қаза табады. Елде 1991 жылдан бері жол-көлік апатынан қайтыс болғандар саны бірде 4 мыңға өсіп, бірде 2 мыңға дейін кеміп отырған. Кейінгі төрт жылдағы есепке сәйкес, адам шығыны баяу өсіп келеді.

2022 жылы – 2425 адам;

2023 жылы – 2543 адам;

2024 жылы– 2579 адам қаза болған.

Ал биыл қаңтардан қыркүйекке дейін сегіз айда 1446 адам көз жұмған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса