Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ-та атышулы рэпер P. Diddy ісі бойынша нүкте қойылды

0

АҚШ-та рэпер P. Diddy ісі бойынша нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.
АҚШ-та атышулы рэпер Шон Комбс (P. Diddy) ісі бойынша сот үкімі шықты. Манхэттен округтік соты оны 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырып, үстінен тағы 5 жыл бақылау орнату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, музыкант 500 мың доллар айыппұл төлейді.
Прокурорлардың мәліметінше, P. Diddy зорлық-зомбылық қолданатын қылмыстық топ құрған, әрі әйелдер мен ерлерді есірткі әсерімен азғындық әрекеттерге қатысуға мәжбүрлеген.
Үш ай бұрын жеті аптаға созылған сот процесінен кейін ол жезөкшелік ұйымдастырды деген екі бап бойынша кінәлі деп танылған, бірақ адам саудасы мен рэкет баптары бойынша ақталып шыққан.
Соттағы сәттер
Соңғы сот отырысы 5 сағаттан аса уақытқа созылып, рэпер мен оның алты баласының көз жасына толы болды.
Ұлы Куинси Браун әкесін "өзгерген адам, өмірден үлкен сабақ алған" деп сипаттады. Үшінші ұлы Кристиан Комбс судьядан рақымшылық сұрады. Ал қызы Диддидің көз алдында жылап, әкесін босатуды өтінді.
Соңғы сөзінде P. Diddy соттан кешірім сұрап, екі әйелден жеке кешірім өтінді. Ол өз өмірін түбегейлі өзгерткенін айтып, тағы бір мүмкіндік беруді өтінді. Музыкант анасы Дженис Комбске қарап көз жасын тыя алмай:

"Сен маған жақсы бол деп айтатынсың. Мен сен қалаған бала бола алмадым", – деді.

Судьяға қарата ол былай деді:

"Мен бәрінен - бизнесімнен, мансабымнан, абыройымнан, ең бастысы, өз-өзіме деген сыйластығымнан айырылдым. Мен масқара болдым, түбіме жеттім. Қазір өзімді жек көремін. Менде түк қалмады".

Бостандыққа шығу мүмкіндігі бар
БАҚ дерегінше, Дидди 2,5 жылдан кейін босап шығуы мүмкін. Себебі оған тергеу изоляторында өткізген 14 ай есептеледі, осылайша 3 жыл шамасында ғана қалады. Егер түрмеде тәртібі жақсы болса, мерзімі тағы 6 айға қысқаруы ықтимал.
Егер сот оны жыныстық мақсаттағы адам саудасы бойынша кінәлі деп тапқанда, ол өмір бойына түрмеде отыруы мүмкін еді.
Іс барысы
Сот процесі 2025 жылғы 5 мамырда басталды. P. Diddy - кейінгі 30 жылда хип-хоп индустриясындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі, Bad Boy Records лейблінің негізін қалаушы, продюсер және орындаушы ретінде танылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса