Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда 60 жастағы ер адамның әрекеті көршілерін шошытып отыр

0

Алматыда 60 жастағы ер адамның әрекеті көршілерін шошытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, ішімдікке әуес көрші бәрінің көзінше шешініп, тіпті пышақ ала жүгіреді екен. Жұрт оның психикалық ауытқуы бар деп күдіктенеді. Сондықтан қауіпті адамнан құтқаруды сұрап отыр.
Бәрі Сергей Шевченко есімді ер адамның іс-әрекетінен әбден шошынған. Екі жыл бұрын ер адам көршілердің біріне пышақ ала жүгіріп, оңбай жаралапты.

"Тура есігіміздің алдында күйеуімді ұрып, тамағын пышақпен осып жіберді. Жердегі бір шелек суды үстіне құйып, алысып жүріп әрең ажыратып алдық. Сөйтіп үйге қарай қашып, есікті кілттеп үлдердім. Міне, дәлел. Күйеуімді бауыздағанымен қоймай, қақпамызды тесіп тастаған", - деді Галина Диченко.

Тұрғындарды шошытып жүрген 60 жастағы ер адам мына үйде тұрады. 20 жылдан аса тып-тыныш жүрген оның оғаш әрекеті бес жыл бұрын басталыпты. "Содан бері үреймен өмір сүріп келеміз" деген көршілері қазір үйінің маңынан өтуден қорқады. Көшеде де емін-еркін жүруден қалған. Өйткені "жынды" көрші өткен-кеткен адамдарға тиісіп, солардың көзінше шешінетін көрінеді. Кейде көліктің алдына жатып алады екен.

"Өзімнің бес балам бар. Осы көшемен аялдамаға дейін жаяу жүреміз. Алыс жерде орналасқан. Балалар қазір үйде. Сабақтан кешке келеді. Демалыста олар ойнайды, велосипед тебеді. Оларды қалай далаға шығарамыз? Мен далаға шығарсам, үйде жұмыстарымды тындыра алмаймын", - дейді Дамир Орсаев.

Сергей Шевченко үйінде жалғыз тұрады. Көршілерінің айтуынша, әйелі мен қызына да кезінде көрсетпеген қорлығы жоқ. Сондықтан олар кетіп қалған. Дегенмен өзі көрші-қолаңның шағымын жоққа шығарып отыр.

"Олардың айтқаны — өтірік. Ондай ештеңе болған емес. Ешкімге тиіскен жоқпын. Кім екенін де танымаймын. Арақ ішпегеніме бір ай болды. Бір өліп‑тірілдім. Сол кезде маған ішпе деген аян келді. Соның өзінде аяғымды әрең басып тұрмын", - дейді Сергей Шевченко.

Күнде бір қылық шығаратын көршінің әрекетін тұрғындар видеоға да түсіріп алған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап әкеткенімен, көп ұзамай босатып жібереді дейді жұрт. Олар қауіпті ер адамды тәртіпке салып, тиісті шара қабылдауды сұрайды. Ал полиция департаменті "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша істің сотқа жолданғанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса