Күрт суиды: синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің мәліметінше, 4 қазан, сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана – көшпелі бұлт, таңертең және күндіз аздап жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде 0…+2°, күндіз +6…+8°.
Алматы – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Түнде +4…+6°, күндіз +16…+18°.
Шымкент – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +5…+7°, күндіз +21…+23°.
Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 1–6 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +14…+16°.
Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +8…+10°, күндіз +21…+23°.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады (0–10 м/с). Түнде +5…+7°, күндіз +20…+22°.
Жезқазған – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік және солтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +12…+14°.Қарағанды – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с, күндіз солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +5…+7°.
Көкшетау – көшпелі бұлт, кей уақытта жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс, батыс желі 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +3…+5°.Қонаев – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +15…+17°.Қостанай – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +9…+11°.Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +17…+19°.
Павлодар – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде 0…+2°, күндіз +4…+6°.
Петропавл – көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с, кей уақытта 15–20 м/с дейін. Түнде 0…+2°, күндіз +4…+6°.
Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +5…+7°.
Талдықорған – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +15…+17°.
Тараз – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +16…+18°.
Түркістан – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +5…+7°, күндіз +21…+23°.
Орал – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-шығыс, күндіз оңтүстік-шығыс желі 7–12 м/с. Түнде 0…+2°, топырақ бетінде –3° дейін үсік, күндіз +16…+18°.Өскемен – бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде 0…+2°, күндіз +5…+7°.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!