Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528-529 теңгеден сатылып, 521-522 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 524-526 теңге, сатып алу бағасы 522-523 теңге болды.
Айта кетейік, 3 қарашада Астанада доллар орташа есеппен 532,33 теңгеден сатылып, 526,33 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағасы 529,42 теңгеге, ал сатып алу бағасы 527,03 теңгеге тең болды.
Бұл ретте, Ұлттық банк белгілеген ресми бағам - 528,31 теңге.
Еске салайық, 10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға (±1 п.т. дәлізімен) көтерген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
