Қоғамдық мәселелер
Соңғы жарты жылда елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 742 дерек тіркелген. Бұл туралы Астанада өткен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ұлттық баяндаманы таныстыру барысында хабарланды. Баяндама 4 бөлімнен тұрады. Онда сауалнама нәтижелері, ресми статистика және сараптамалық талдау қамтылған.
Зерттеу бойынша халықтың 80 пайыздан астамы қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де бар екенін мойындаған. Әрбір төртінші адам отбасындағы жанжалдың куәсі болғанын айтқан. Зорлық-зомбылық ең алдымен әйелдер мен балаларға қатысты жасалатыны атап өтілді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен қарттар да қауіп тобына жатады. Мамандар әсіресе балаларға қатысты физикалық және психологиялық қысым мәселесіне алаңдаулы. Бұл тұрғыда Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш...
