Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Польша шығыс шекарасында дронға қарсы кешен салуға дайындыққа кірісті

0

Польша алдағы жарты жылда шығыс шекарасында "дронға қарсы дуал" деп аталатын қорғаныс кешенін салуға кірісуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Guardian басылымына сұхбатында Польша қорғаныс министрінің орынбасары Цезарий Томчик мәлімдеді. Оның айтуынша, дронға қарсы жаңа қорғаныс кешені құрылысы екі жыл ішінде толық аяқталуға тиіс.

Әуе шабуылынан қорғану жүйелері шамамен он жыл бұрын құрылған қорғаныс шебіне біріктіріледі және пулеметтер мен зеңбіректерден бастап зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды жою құралдарына дейін бірнеше деңгейден тұратын қорғаныс құралдарын қамтиды. Жалпы құны екі миллиард еуродан асатын жобаны еуропалық SAFE қорғаныс несиелері бағдарламасы мен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру көзделіп отыр.

Томчиктің сөзінше, жүйелердің кейбірі тек төтенше жағдайларда немесе соғыс уақытында ғана қолдануға арналған.

Польшаның ресми өкілдері әскери шығындарды белсенді түрде арттырып жатқан елдің – ЖІӨ-нің шамамен 5 пайызына дейін, бұл НАТО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш – азаматтық қорғаныс саласында елеулі проблемалар барын мойындайды. Польша ұлттық қауіпсіздік басқармасының басшысы Славомир Ценцкевич Financial Times басылымына айтқан пікірінде жұрт әуе шабуылы кезінде паналайтын орындардың жай-күйі аса үлкен мәселе болып отырғанын, кейінгі жылдары елде қарулы күштерді жаңғыртуға басымдық беріліп, халықты қорғау мәселесі елеусіз қалғанын жеткізген.

Financial Times деректері бойынша, әуе шабуылы кезінде жұрт паналайтын орындардың пайдалануға жарамды деп танылғаны шамамен мыңға жуық, бұл ел халқының небәрі 3 пайызын қорғауға жеткілікті. Салыстырмалы түрде айтқанда, Финляндияда әуе шабуылы кезінде тұрғындардың кемінде 80 пайызын сыйдыра алатын арнайы орындар бар.

2026 жылдан бастап Польшада құрылыс салушыларды жаңа ғимараттардың көпшілігінде әуе шабуылы кезінде жұрт паналайтын орындар қарастыруға міндеттейді, ал Дональд Туск үкіметі осындай арнайы орындар салуға қазірдің өзінде шамамен төрт миллиард еуро бөлген.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса