Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Шымкентте бір отбасыдағы сегіз адам көмірқышқыл газынан уланып қалған

0

Шымкентте Абай ауданында бүтін бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға түтін шығару мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Оқиғаға байланысты Шымкент Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыру, түтін шығару мұржаларының дұрыс орнатылуы мен жарамдылығын қадағалау, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасу ұсынылады.
Құтқарушылар көмірқышқыл газының иіссіз болатынын және адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін еске салды. Тұрғындардан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса