Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Алматыда жол үстінде шетелдікті балағаттаған жүргізуші жазаланды

0

Алматыда жол үстінде шетелдік азаматты балағаттаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода екі жүргізуші сөзге келіп қалған. Кадрларда қазақстандық жүргізушінің шетелдік туристке дөрекі сөйлеп, көлігін тоқтатып, "мәселені шешуге" шақырғаны көрінеді.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға көшелердің бірінде болған. Жүргізуші көлігінің терезесін ашып, қасақана жанжал туындатып, шетелдік азаматтың ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Аталған дерек бойынша құқықбұзушы анықталып, ұсталған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ол "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса