Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Трамп: АҚШ Венесуэлаға соққы жасап, Мадуроны елден әкетті

0

АҚШ Венесуэлаға соққы жасап, ел президенті Николас Мадуроны ұстап, елден әкетті. Бұл жөнінде АҚШ басшысы Дональд Трамп 3 қаңтарда хабарлады.

“АҚШ Венесуэла мен оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Мадуро әйелімен бірге ұсталып, елден әкетілді. Операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Толығырақ кейін хабарлаймыз” деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамптың сөзінше, Майамиде сағат 11-де (Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де) баспасөз жиыны өтпек.

Венесуэла билігі елде төтенше жағдай жариялап, "әскери басқыншылықты" айыптаған.

Сенбі күні Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес қарулы күштерді әскери режимге көшірді. Видеомәлімдемесінде ол ел тарихындағы "ең сұмдық басқынқыншылыққа" төтеп беруге шақырып, Венесуэла әскерді дайындық режиміне көшіру туралы "Мадуроның бұйрығын орындайтынын" айтқан. Бұл жөнінде BBC жазды.

Венесуэла вице-президенті Делси Родригес "Мадуро мен әйелін тірідей көрсетуді" талап еткен.

АҚШ Мадуроны "есірткі мемлекет" құрып, сайлау нәтижесі бұрмалады деп айыптаған. 2013 жылы Уго Чавестен кейін президент қызметіне келген Никалос Мадуро бұған дейін "Вашингтон әлемдегі ең ірі мұнай қорына бақылау орнатқысы келеді" деп мәлімдеген.

CBS News-дің хабарлауынша, Николас Мадуро мен оның әйелін АҚШ қарулы күштерінің терроризммен күресетін элиталық Delta Force жасағы ұстаған.

"Венесуэла үшін жаңа кезең туды! Тиран жеңілді. Енді ол өз қылмысы үшін сот алдында жауап береді" деді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау X желісінде.

"ЖҮРЕГІМ ДҮРСІЛДЕП, АЯҒЫМ ДІРІЛДЕП КЕТТІ"

BBC соққыдан жергілікті тұрғындардың қатты қорқып отырғанын жазды. Каракаста тұратын журналист Ванесса Силва BBC-ге жарылысты терезеден көргенін айтқан. Оның сөзінше, жарылыс дүмпуі найзағайдан да қатты болған, оның үйі соның салдарынан шайқалып кеткен.

"Жүрегім дүрсілдеп, аяғым дірілдеп кетті" деді ол.

ЕНДІ НЕ БОЛМАҚ?

Сарапшылар бүгінгі оқиғаны АҚШ 1989 жылы Панамаға тіке интервенция жасап, сол кездегі әскери басшы Мануэль Нориеганың билігін құлатқан кезден бергі Латын Америкаға жасалған екінші интервенция деп атайды.

АҚШ интервенциясын жақтаушылар бұл Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо бастаған Венесуэла оппозициясы немесе 2024 жылғы сайлауға оппозиция атынан қатысқан үміткер Эдмундо Гонсалестің билікке келуіне жол ашады деп санайды.

Алайда бұл айта салғандай оңай шаруа емес дейді кейбір сарапшылар.

Венесуэланың әскері мен әскериленген күштері Мадуроға адал қалып отыр және тіпті Мадуроның кейбір сыншылары бұл елдегі тұрақсыздықты тереңдете түсуі мүмкін деп санайды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса