Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қарағандыда балаларды қорқытып, бопсалап келген топ ұсталды

0
Қарағандыда балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 қаңтарда Қарағандыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерден ақша бопсалауға қатысы бар ұйымдасқан топтың заңсыз әрекеті әшкереленді. Жедел іс-шаралар барысында өңірдегі балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болғаны анықталған.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, кейінгі жарты жыл ішінде күдіктілер алдау, қорқыту және күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса ақша алған.

"Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ, микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілерден жүзден аса оқ-дәрі тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Барлық күдікті ұсталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", - деді полиция.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса