Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Прокурор Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады

0

Оңтүстік Кореяда арнайы прокурор 2024 жылы желтоқсанда елде қысқа уақытқа әскери жағдай жариялап, ізінше "бүлік ұйымдастырды" деп айыпталып, биліктен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ельді өлім жазасына кесуді сұрады.

Оңтүстік Кореяның заңнамасында мұндай айыпқа ауыр жаза қарастырылған, алайда мұндай жаза ондаған жыл бойы ешкімге берілмеген деп жазды Reuters.

Сеулдің орталық аудандық сотында прокурор тергеушілер Юн және бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен "әзірледі" деп айтылатын схеманың барын айтты. Мұндай схема 2023 жылы қазанда қолданыла бастаған және ол Юн билігін сақтауға бағытталған.

65 жастағы Юн Сок Ельдің өзі өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Ол президент ретінде елде әскери жағдай енгізуге құқығы болғанын және мұндай қадам оппозиция партияларының үкімет жұмысына кедергі келтіруіне назар аудартуға бағытталғанын айтты.

Сеул соты бұл іс бойынша ақпан айында үкім оқиды. Юнға қарсы төрт қылмыстық іс қозғалған.

2024 жылы 3 желтоқсанда парламенттегі оппозициямен ұзақ текетірестен кейін Юн Сок Ель елде "іштегі Солтүстік Корея жақтастарымен күресу үшін" әскери жағдай енгізілгенін жариялаған. Алты сағатқа созылған жарлық саяси партиялардың жұмысына, наразылық, ереуіл өткізуге тыйым салған, цензура енгізіп, әскери соттың өлім жазасы туралы үкім шығаруға құқығы болған. Ізінше Сеул көшелерінде жаппай наразылық тұтанған. Кейін депутаттар Юнды "бүлік жасамақ" болды деп айыптап, оған ичмпичмент жариялап, биліктен шеттетті.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса