Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“ҚазМұнайГаз“ “Теңіз“ мұнай кен орнындағы өртке қатысты пікір білдірді

0

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Атырау облысындағы "Теңіз" мұнай кен орнында болған өрт туралы ақпаратқа қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазМұнайГаздың" мәліметінше, 18 қаңтарда сағат 09:53-те ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанған.

"Қызметкерлер қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Кәсіпорынның апаттық қызметі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 трансформаторы да өртенген. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға туралы ТЖ департаментіне хабарланған.

"Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қазір жағдай бақылауда", - деп қосты ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ-та Теңіз кен орнында өрт болды деген ақпарат тараған еді.
Анықтама: Теңіз - әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Ол Қазақстанның Атырау облысында, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына жақын жерде орналасқан. Кен орынның мұнай қоры өте мол. Оны "Теңізшевройл" компаниясы игеріп келеді. Теңіз ел экономикасында маңызды рөл атқарады: мұнай экспортының едәуір бөлігін және бюджетке түсетін түсімдердің қомақты үлесін қамтамасыз етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса