Қазіргі уақытта біз жастардың кітап оқығысы келмейтінін көп көреміз, бірақ неге оқымайтынын сұрамағанбыз. Әрқашан тек телефондарына қарап отырған балаларды көреміз, көшеде немесе саябақта отырғанда кітапқа қызығушылық танытқан жастарды көрмейміз, кітап оқып отырған адам болса орташа жасты немесе қарт адамдар болады. Менде кішкентай кезімде кітап оқуды жақтыртпайтынмын, кітап оқы дегенде, ұстап жатырып ұйықтап қалатынмын әлде, бір іс тауып қашатынмын. Көбінесе үйге ағам келгенде мақал-мәтел, өлеңдер жаттатқызып оқытатын. Кешке дейін телефонсыз соны жаттаймыз, қобалжып барып айтатынбыз. Өсе келе сол оқығанның бәрі маған керек болды, сабақта отырып мақал-мәтел айтудан жарыстар, сөздік қорың жақсарып әр түрлі адаммен тіл табысып кете аласың. Кітап оқуды мен он үш жасымда...