Бұл – жеке сезім емес, тұтас қоғам бастан кешіп жатқан рухани өзгерістің белгісі. Бұрын «арқасы бар» деген ұғым жай ғана тылсым қабілетті білдірмейтін. Ол – жауапкершілікпен келген күш, өзінен жоғары бір аманатты сезіну, сөзге де, іске де абай болу дегенді аңғартатын. Ондай адам «мен білемін» деп емес, «маған жүктелгені бар» деп сөйлейтін. Сондықтан да халық ондай жаннан қорқудан бұрын, сескеніп емес – сыйлап жүретін. Ал қазір, біріншіден, сол мағына расымен кішірейіп кетті. Себебі рухани ұғымдар тауарға айналды. Көріпкелдік, тәуіпшілік, «энергия», «арқа» деген сөздер нарық тіліне көшті. Ақша жүрген жерде екі нәрсе әлсірейді: үнсіздік, ұят. Рухани дүниенің табиғаты жасырын, баяу, іштен...