Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Испанияның оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысып, 39 адам опат болды

0

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында, Адамус қаласы маңында екі жүрдек пойыз соқтығып, салдарынан 39 адам мерт болған. Мұны El País басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, апат салдарынан кемінде 73 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, соның 24-і айтарлықтай зардап шеккені айтылып отыр. Бұған дейін 21 адам қаза тапқан және 75 адам зардап шеккен деген ақпарат тараған еді.

Төтенше оқиға 18 қаңтар күні кешке болған. Медиа дерегіне сәйкес, Малагадан шығып, Мадридке бет алған Iryo компаниясының пойызы рельстен тайып кетіп, соңғы вагондары (алтыншыдан сегізіншіге дейін) қарсы бағыттағы жолға аударылып қалған. Сол сәтте ол жолмен Мадридтен Уэльваға бара жатқан Alvia (Renfe) пойызы келіп қалған. Соқтығысқан сәтте пойыз сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан деп жазады басылым. Қаза тапқандардың бірі – Alvia пойызының машинисі. Пойыздың рельстен тайып кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнтенің айтуынша, Iryo пойызы жаңа болған, ал апат болған жол учаскесінде жөндеу жұмыстары былтыр мамыр айында аяқталған. "Түзу жолда апат болғаны – аса түсініксіз жағдай. Біз кеңес алған сарапшылардың бәрі де аң-таң болып отыр", – деді министр.

Ол қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармады. Қазір Мадрид пен Андалусия арасына қатынайтын жүрдек пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса