Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қырғыз президенті елдегі көлік жүргізу куәлігін жаппай ауыстыру себебін түсіндірді

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" ұлттық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдегі ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін жаппай ауыстыру науқанына байланысты түсініктеме берді.

Оның сөзінше, бұрын Қырғызстан азаматының паспортын, ID-картасын, жүргізуші куәлігі мен өзге де құжаттарын шетелде жасатқанда олардың қорғаныс деңгейі әлсіз болған. Салдарынан жалған құжаттар көбейіп, елдің беделіне нұқсан келтірген.

Жапаров былтырдан бері барлық құжаттарды "Учкун" мемлекеттік кәсіпорны басып шығарып жатқанын айтып, "жалған паспорт" деген ұғым түбегейлі жойылуға тиіс деп мәлімдеген.

"Егер ескі куәліктердің бәрін тегін ауыстырып, оларды айналымнан толық алып тастасақ, ол құжаттарды ел ішінде де, шетелде де пайдалану мүмкін болмайды. Қазір тіпті кейбір азаматтарымыз Ресейден жалған жүргізуші куәлігін сатып алып, Қырғызстанға оралған соң көлік жүргізіп жүрген жағдайлар да бар. Осыған байланысты жүргізуші куәлігі мен өзге де ресми құжаттардың бәрін түгендеу және тексеру мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстың басты мақсаты – заңсыз қолданылып жүрген құжаттарды толық анықтау, тәртіп орнату, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келуіне жол бермеу. Сондықтан ескі үлгідегі жүргізуші куәлігінің бәрін жаңасына ауыстыру туралы шешім қабылданды", – деді Қырғызстан президенті.

Бұған дейін 2009-2012 жылдары берілген және жарамдылық мерзімі көрсетілмеген жүргізуші куәлігін 2027 жылға дейін қолдануға болады деп белгіленген еді. Бұған қоса, шектеу мерзімі жоқ куәліктер 2025 жылдың аяғында толықтай жойылып, 2026 жылдан бастап оларды жарамдылық мерзімі 10 жыл деп көрсетілген жүргізуші куәлігіне ауыстыру басталады деген ақпарат жарияланған.

Былтыр желтоқсанда және биыл қаңтар айының басында құжат айырбастайтын мекемелерге ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыруға келген жұрттың көптігінен ұзын-сонар кезектер пайда болып, дау-жанжалдар жиілеген.

Жүргізушілер куәлік ауыстыру үшін қажет №083 үлгідегі медициналық анықтама алуға бірнеше күн кететініне наразылық білдірген. Мысалы, былтыр қыркүйек айында Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекемелерге әлгіндей анықтама алуға күніне шамамен 500 адам келсе, желтоқсан айында олардың саны 3 мыңнан асып кеткен.

"Түндүк" пен "Учкун" кәсіпорындарының жұмысын қадағалап отырған Қырғызстан президентінің іс басқармасы ескі үлгідегі, жарамдылық мерзімі көрсетілмеген жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде №083 үлгідегі медициналық анықтамасын талап ететін тәртіп алынып тасталды деп мәлімдеді.

Жарамдылық мерзімі көрсетілмеген жүргізуші куәлігін биылғы жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында тегін ауыстыруға болады деп белгіленген. Кейін бұл мерім ұзартылғаны белгілі болды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса