Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда банкоматтан қолма-қол ақша алатындар базасы бар ма?

0

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы "мемлекет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасын құрды" деген ақпарат тарап жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл - шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат. Ұлттық банк елімізде қолма-қол ақша алу бойынша тізім жасалмайтынын мәлімдеген.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында банкоматтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл камералар қылмыстардың (алаяқтық немесе ұрлық) алдын алуға, сондай-ақ, клиенттердің әрекетін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнежазбаларды сақтау дау тудырған жағдайлар мен құқықбұзушылықтар кезінде дәлел бола алады және банк клиенттері, қаржы ұйымдарының мүддесін қорғауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл талаптар Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен бекітілген.

"Осы қаулыға сәйкес банктер банкоматтарда клиенттің бет-жүзін тіркейтін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнеақпаратты кемінде 180 күн сақтау талабын орындауға тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса