Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қарағандыда есірткі таратқан студент 15 жылға сотталды

0

Қарағандыда заңсыз есірткі айналымы, есірткі контрабандаcына қатысты іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, Telegram мессенджерінде белгісіз куратормен "жасырушы-курьер" және "қойма" қызметін атқару жөнінде келісім жасаған. Оның міндетіне берілген координаттар бойынша есірткі алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген. Ол күніне шамамен 30 қаптама жасырған.

"Айыпталушы Таиландтан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол 400 мың теңге сыйақыға Telegram мессенджері арқылы кәмелетке толмаған дропперді тартып, поштаны оның атына рәсімдеген. Ол тауарды алу кезінде ұсталып, 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі алынды. Сондай-ақ, ұялы телефонды тексеру кезінде бір күн бұрын бірнеше қап жасырғаны анықталды", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленген.
Сот үкімімен айыпталушы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса