Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтып берді

0

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны төмендету үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

Инфляцияны 9-11%-ға дейін, орташа 10%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады.

— Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады, — деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

— Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады, — деп толықтырды министр.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Президенттің V Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары қалай орындалатынын баяндаған еді.

 

Сообщение Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтып берді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса