Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Боран соғады: 24 қаңтарда ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер сенбі, 24 қаңтарда Қазақстан қалаларында болатын ауа райы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс өңірлерде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстікте қатты аяз күтіледі, шығыста бұлтты болады, күндіз қар жаууы мүмкін.

Оңтүстікте көшпелі бұлтты ауа райы болжанады, қар жауады, боран соғады және көктайғақ болады, кей уақытта тұман түседі.

Астана - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, ақтүтек. Ауа температурасы: түнде 27–29 градус аяз, күндіз 13–15 градус аяз.

Алматы - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 2–4 градус аяз.

Шымкент - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы.

Түркістан - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.

Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 1 градус жылыдан 1 градус аязға дейін.

Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы: түнде 10–12 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз.

Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 1–3 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы.

Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз.

Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Ауа температурасы: түнде 24–26 градус аяз, күндіз 17–19 градус аяз.

Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 23–25 градус аяз, күндіз 17–19 градус аяз.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз аздап қар, ақтүтек. Ауа температурасы: түнде 21–23 градус аяз, күндіз 11–13 градус аяз.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, күндіз қар, боран. Ауа температурасы: түнде 12–14 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз.

Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы: түнде 32–34 градус аяз, күндіз 26–28 градус аяз.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 30–32 градус аяз, күндіз 19–21 градус аяз.

Петропавл - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 35–37 градус аяз, күндіз 27–29 градус аяз.

Павлодар - көшпелі бұлтты, түнде қар, ақтүтек. Тұман. Ауа температурасы: түнде 25–27 градус аяз, күндіз 20–22 градус аяз.

Семей - бұлтты, түнде және таңертең қар. Ауа температурасы: түнде 18–20 градус аяз, күндіз 15–17 градус аяз.

Өскемен - бұлтты, қар. Ауа температурасы: түнде 13–15 градус аяз, күндіз 10–12 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса