Қазақтың «рэкетирі» - Мұрат Бисенбин
Мұрат Болатұлы Бисенбин - 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Қызылорда қаласының тумасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі. Инженер-электрик мамандығын оқып бітірген актёрдің бағы медиа жолында жанды. Оның «Қызғылт қоян туралы ертегі», «Брат или брак», «Ағайынды» фильмдеріндегі рөлдері көрермен жүрегін жаулады.
«Рэкетир» деген сөзді естігенде көптің ойына бірден Мұрат Бисенбин келеді. Оның кейіпкері Руслан - аталмыш фильмнің өзіндік сәні, шырайы. Көрерменді ерекше харизмамен жаулаған актер қазақ кинематографиясына үлкен үлес қосты. Кино саласына сүбелі үлес қосқан тұлға халық жадынан ешқашан өшпейді. Мұрат Бисенбиннің еңбегі уақытпен шектелмей, экран арқылы жаңа буынға жол табады. Жасалған туындылар көрерменнің ойында қалып, мәдени сананың бір бөлігіне болып қала бермек.
