Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Қазақстанда зейнетақы қаражатын пайдалану қағидалары өзгерді

0

Отбасы банк зейнетақы жинақтарының артық бөлігін ипотеканы өтеуге пайдалану ережелеріндегі өзгерістерді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түзетулер өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Өзгеріс 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұрын Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара өтеу қалай жүзеге асырылды?
Банк клиенті enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыздың берешегін ішінара өтеу" мақсатын таңдайтын. Өтініш рәсімдеп, зейнетақы қорындағы артық жинақты пайдалануға сұрау жіберетін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өтінішті 5 жұмыс күні ішінде қарайтын және зейнетақы жинағы артық болған жағдайда біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) сомасын Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударатын.
Қаражат түскеннен кейін клиент оны 20 жұмыс күні ішінде пайдалануға тиіс болатын. Әдетте қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу рәсімі кезекті несие төлемі жасалатын күні іске қосылатын. Соның нәтижесінде қарыз бойынша ай сайынғы төлем өтелетін.
Несие бойынша ай сайынғы төлем бірнеше бөліктен тұрады:

негізгі қарыздан – бұл банктің тұрғын үй сатып алу үшін клиентке берген қаражаты;
банктің сыйақысынан – тұрғын үй сатып алуға берілген қаражатты пайдаланғаны үшін есептелетін пайыздар;
мүмкін болатын мерзімі өткен берешек пен өсімпұлдардан - төлем уақытында жасалмаған жағдайда есептеледі;
кейінге қалдырылған төлемдерден – егер қарыз қайта құрылымдалған болса;
депозиттегі жинақтардан – алдын ала қарыз берілген жағдайда.

Қандай өзгерістер енгізілді?
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" ұғымымен алмастырылды.
Бұл дегеніміз зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды.
Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және ай сайынғы төлем құрамына кіретін басқа да ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.
Енді Отбасы банктегі қарыздарды ішінара және толық өтеу қалай жүзеге асырылады?
Жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара немесе толық өтеу процесін қайта бейімдеу қажет. Бұл белгілі бір уақытты талап етеді.
Алдағы уақытта бұл операция екі кезеңнен тұратын болады:

алдымен несие бойынша сыйақы және басқа да ілеспе төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді;
содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен өтеледі.

Осыған байланысты Отбасы банкіндегі ағымдағы және арнайы шоттарда қажетті қаражаттың алдын ала болуын қамтамасыз ету қажет.
Банктің қашықтан көрсетілетін қызметтерін – мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайиындағы жеке кабинетті – жаңа талаптарға бейімдеу мақсатында Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қарыздарды ішінара немесе толық өтеуге арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуға мәжбүр.
enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қаңтарынан 31 қаңтарына қараған түннен бастап 2026 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылады.
2026 жылдың 30 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады.

"enpf-otbasy.kz платформасында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының артығын сұрату процесі өзгеріссіз қалады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа барлық бағыттары өзгеріссіз сақталады", - делінген хабарламада.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса