Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2026

Жамбыл облысында 21-ші «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

0

Тараз қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасы аясында Жамбыл облысында ашылған 21-ші мектеп.

Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Сәлемов және Әулие-Ата аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Санжар Абдрайымов қатысты.

— «Жас сақшы» жобасы — өскелең ұрпақты заңды құрметтеуге, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды бастама. Бұл сыныпта оқушылар құқық негіздерін меңгеріп, полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысады, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызын түсінеді, — деп атап өтті Берік Сәлемов.

Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және полиция қызметінің ардагерлері қатысты. Жиын барысында 6-7 сыныптардан іріктеліп, «Жас сақшы» қатарына қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, оларға арнайы сақшы куәліктері табыс етілді.

Сообщение Жамбыл облысында 21-ші «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса