Қазіргі Қазақстан жастары дәстүр мен заманауи трендтердің түйіскен тұсында өмір сүріп жатыр. Ғаламдану, әлеуметтік желілер мен жаңа мәдени ағымдар ұлттық құндылықтарға деген көзқарасты өзгертіп, қоғамда пікір қайшылығын тудыруда. 2025 жылғы Astana Times сауалнамасына сәйкес, жастардың 55 пайызы қазақтың салт-дәстүрлерін маңызды деп санайды. Ал 33 пайызы оларды міндетті түрде орындау қажет емес деп есептейді. Тағы 11 пайызы ұлттық дәстүрлерді мүлдем мойындамайтынын ашық айтқан. Бұл көрсеткіштер дәстүрге деген көзқарастың жастар арасында біркелкі емес екенін аңғартады.
Ұлттық дәстүрдің өзегі – тіл. 2024 жылғы ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстан халқының 80 пайызы қазақ тілін меңгерген. Алайда соның тек 49 пайызы ғана күнделікті өмірде тұрақты қолданады....