Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстан Пәкістанмен сауда көлемін 1 млрд долларға ұлғайтпақ

0

Қазақстан Пәкістанмен арадағы сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадқа мемлекеттік сапары кезінде мәлім етті.

– Қазақстанда Пәкістан капиталының үлесі бар 200-ден астам компания құрылыс, ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, индустрия және басқа да көптеген салада жұмыс істейді. Осы оң үрдіске арқа сүйей отырып, екіжақты сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздейтін өршіл мақсат қойдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадта Қазақстан және Пәкістан өкілдерінің қатысуымен өткен бизнес-форумда.

Тоқаевтың сөзінше, әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ Қазақстан Пәкістанның транзит әлеуетіне көп мән береді. Сондықтан Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз кезінде бұл елдің Карачи және Гвадар порттарының мүмкіндігін пайдалану жайы да сөз болған. Бұған қоса Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік бағыт және Қазақстан–Түркіменстан–Ауғанстан–Пәкістан теміржолы бағытын салу мүмкіндігі де талқыланған.

Пәкістан үкіметінің басшысы Шахбаз Шарифтің айтуынша, екі елдің энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру салаларында серіктестікті дамыту әлеуеті бар.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы жылына 100 млн долларға жуық.

Исламабадқа сапар барысында Тоқаев Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті, бизнес-форумға қатысты, ал екі жақтың делегациялары түрлі саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 30 шақты құжатқа қол қойды. Арасында көлік, кеден, ветеренария, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және мәдени-гуманитарлық байланыстар бойынша меморандумдар бар.

Қазақстан президенті мен Пәкістан премьер-министрінің қатысуымен Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, "Достық" спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса