Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстандық файтер UFC-ден 12 миллион теңге табыс тауып, тарихқа енді

0

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников UFC-дің мерзімінен бұрын жеңіске берілетін жаңа бонустарын алғаш болып алған қазақстандық атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылдан бастап ұйым жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған барлық спортшыға 25 мың доллар (шамамен 12 млн 366 мың теңге) көлемінде қосымша төлем енгізді. Қазақстанда бұл бонустың алғашқы иегері - Веретенников: ол Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Еске салайық, үш раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын тік тұрыста нокаутпен жеңді.

Қазақстандықтардың UFC-дегі биылғы жекпе-жектері

Келесі болып UFC-де жекпе-жек өткізетін және ұйымның бонусы үшін таласатын қазақстандықтар - Әліби Ыдырыс пен Дияр Нұрғожай.

Әліби 22 ақпанда Оди Осборнмен кездессе, Дияр 7 наурызда Рафаэль Тобиасқа қарсы шығады.

1 наурызда Асу Алмабаев Брэндон Мореномен айқасуға тиіс болған, алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса