Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Маңғыстау облысында бір зауыттың ондаған жұмысшысы қысқаруға ұшырады

0

Маңғыстау облысында шыны талшықты құбыр шығаратын зауыттың 80 шақты жұмысшысы қысқартылатыны туралы хабарлама алғандарын айтып, талаптарын жеткізді. Бұл жөнінде Lada.kz жазды.

"Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы жергілікті аумақтан, қызметкерлердің тәжірибесі – 20 жыл және одан да көп. Бәрінің отбасы, үш, одан да көп баласы бар, несиелері бар. Қазір инфляция сұмдық. Қазіргі кезде қысқаруға ұшырайық деп жатырмыз. Отбасымызды қалай асыраймыз, қарызды қалай төлейміз? Біз "Маңғыстаумұнайгаздың" құрамына қосылып, тұрақты жұмыс болғанын қалаймыз" деді жұмысшылар.

Олардың сөзінше, жеті ай бойы жалақыларының 50 пайызын алып, жұмыссыз отырған.

Бұрын зауыт "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ кәсіпорны құрамында болған, кейін жекеменшікке берілген.

Басылымның жазуынша, компания басшылығы бәсеке жоғары болғандықтан кәсіпорын банкроттық алдында тұрғанын және барлығына жалақы төлеуге шамасы жетпейтінін айтқан.

Директор Данияр Шмановтың сөзінше, Алматыда жаңа технология қолданылатын осыған ұқсас зауыт ашылған. Соған орай кәсіпорынның "екі цехты қатар ұстап тұруға шамасы жетпейді, тапсырыс көлемі жеткіліксіз, сондықтан қысқаруға жүгінуге мәжбүрміз" деген.

Қысқаруға ұшыраған зауыт жұмысшылары Маңғыстау облысы әкімдігіне қайырылған. Әкімдік әзірге оқиғаға реакция білдірмеді.

Шыны талшықты құбыр шығаратын зауыттың Маңғыстау облысында істеп жатқанына он жылдан асты. Lada.kz жазуынша, зауыт 2020 жылдан бастап кадрларды қысқарта бастаған.

Мұнай өндіретін Маңғыстау облысында еңбек даулары мен ереуілдер жиі болып тұрады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса