Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Олимпиада-2026: 15 ақпанда кім және қашан өнер көрсетеді?

0

15 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың төрт түрінен бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

14:00-де тау шаңғысы бойынша жарыстар басталады - алып слаломда Александра Скороходова өнер көрсетеді. Жүлдегерлер 17:30-да анықталады, ал тікелей эфирді Qazsport арнасынан көруге болады.

14:30-да ерлер арасындағы параллель могулда 1/16 финалда фристайлшы Павел Колмаков жарысын бастайды. 1/8 финал 15:00-де, ширек финал - 15:20-да, жартылай финал - 15:35-те, финал - 15:46-да өтеді. Тікелей эфирді "Хабар" телеарнасы көрсетеді.

15:15-те биатлоншылар арасында 12,5 шақырымға қуу жарысы (пасьют) өтеді, онда Қазақстан атынан Владислав Киреев қатысады. Тікелей эфирді Qazsport арнасы көрсетеді.

21:03-те конькимен жүгіруде әйелдер арасында 500 метр қашықтағы жарыс өтеді - Қазақстаннан Арина Ильященко мен Кристина Силаева бақ сынайды. Трансляция Qazsport арнасынан көрсетіледі.

Қазір Қазақстан 2026 жылғы қысқы ойындарда бір медаль жеңіп алды - мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың алтыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса