Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қырғызстанда ҰҚМК-нің бұрынғы қызметкері ұсталды

0

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қаласы бойынша басқармасының бұрынғы басшысы Эльдар Жақыпбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеуді Әскери прокуратура жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, Жақыпбеков тәулік ішінде ұсталған. Істің қандай бап бойынша сараланғаны және оның процестік мәртебесі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желілерде Жақыпбеков ұсталғаннан кейін түсірілді деген фотосы тарады.

Бұған дейін, 14 ақпанда, елордалық ҰҚМК басқармасында басшылық ауысқаны белгілі болды. Жаңа басшы болып Ұлан Бибосынов тағайындалды.

Жақыпбековтің ұсталғаны туралы ақпарат 10 ақпанда-ақ тараған еді. Сол кезде ведомство бұл мәліметті көпшілік алдында жоққа шығарған.

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса