Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда аккумулятор бағасы қанша

0

Қазақстанда көлік аккумуляторының бағасы өңірлер мен батарея сыйымдылығына қарай әртүрлі болып тұр. Kazinform тілшісі барлығы 19 қаладағы бағаны салыстырған кезде қай өңірде аз, қай аймақ жүргізушілері көп ақша шығындайтынын білді.

40-60 А/сағ аккумуляторы: ең төмен және ең жоғары баға

Сұранысқа ие 40-60 А/сағ сыйымдылығындағы аккумулятор бағасы ірі мегаполистерде жоғары болып тұр.

Ең арзаны Тараз бен Түркістан қалаларында сатылып жатыр. Мұнда баға 25 000 теңгеден басталады. Ал Ақтөбе қаласында 26 500 теңге, Талдықорғанда 26 000 теңге, ал Қызылордада 29 000 теңге және одан жоғары.

Ал ең жоғары баға Астана қаласында болып тұр. Мұнда 180 000 теңгеге дейін жетеді. Алматы, Павлодар, Қарағанды мен Шымкентте де баға кейбер дүкенде 150 000 теңгеге дейін барады.

Яғни, Тараз қаласында ең арзаны, Астана қаласында ең қымбаты сатылады. Екі қаладағы аккумулятор бағасының айырмашылығы 155 мың теңгеге жетті. Баға еліміздің оңтүстігі мен батысындағы қалаларда арзан, ал ел астанасы мен өндірісті өлкелерде жоғары болып тұр.

70-90 А/сағ аккумуляторы: баға айырмашылығы жоғары

Жол талғамайтын және дизель отынымен жүретін көлік иелері сыйымдылығы жоғары аккумулятор сатып алады. Мұнда да бағада біраз айырмашылық бар.

Еліміз бойынша ең тиімді баға Ақтөбе қаласында болып тұр. Мұнда 35 000 теңгеден басталады. Атырауда — 50 000 теңге, Семейде — 50 000 теңге, Өскеменде — 50 000 теңге және Оралда — 50 000 теңге және одан жоғары.

Ең жоғары баға Астана қаласында. Мұнда 220 000 теңгеден басталады. Алматы мен Павлодарда 200 000 теңгеге жетіп тұр. Сонымен бірге Жезқазған қаласында кей жерлерде баға 190 000 теңгеге, ал Қарағандыда 185 000 теңгеге жетті.

Өңірлер арасындағы, яғни, Ақтөбе мен Астанадағы баға айырмашылығы 185 мың теңгеге дейін жетті.

Талдау нәтижесіне сүйенсек, екі санаттағы аккумулятор бағасы Тараз, Түркістан, Ақтөбе мен Талдықорғанда арзан. Ал ең жоғары баға Астана, сонымен бірге Алматы, Павлодар мен Қарағандыда тіркелді.

Әсіресе еліміздің оңтүстігінде баға төмен. Ал Астана мен ірі қалаларда баға өзгеге қарағанда едәуір жоғары. Бұл қалалардағы жоғары сапалы бренд тауарлардың көп болуы бағаға әсер етуі мүмкін.

Сөйтіп өңірлер арасындағы аккумулятор бағасының айырмашылығы 150 — 180 мың теңгеге жетті. Көлік иелері баға аккумулятордың техникалық негіздемесіне ғана емес, аймақтың қайда орналасқанына да байланысты екенін ұққаны дұрыс.

Сообщение Қазақстанда аккумулятор бағасы қанша появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса