Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Маңғыстау облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты

0

Маңғыстау облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 ақпанда Бейнеу полигонында жоспарлы атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскері "Батыс" өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

"Бұл дерек бойынша Батыс өңірінің әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілген.

"ҚР Қарулы Күштері қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық көмек көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса