Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

0

Берік Шолпанқұлұлы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Берік Шолпанқұлов туралы не белгілі?

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Қазынашылық жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2008–2014 жылдары қаржы вице-министрі болды. 2014–2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы наурызға дейін қаржы вице-министрі қызметін атқарған.

2021 жылғы 5 сәуірде Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса