Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Сағынышым сенгісіз

0
Санамда тұр сан мыңдаған сағым ойӨзіңде өтті қаншама думанды той.
Куәгері бақытты балалықтың,Туған жерім сені қатты сағындым ғой.

Саған деген сағынышым сенгісіз,Көзбен көру бұйырар қашан белгісіз.
Он екі жылда өзіңе бір рет бара алмай,Сезініп жүрмін мен өзімді дәрменсіз.

Жасыл желек жайлауым, нуым менің,Жүрекке жылы тиер жырым едің.
Табиғатпен сырласып өскен өлкем,Сағындырдың балалық күнім менің.

Жүруші едім өзіңде бал-бұл жайнап,Ешқандай қайғы-мұңсыз, күліп, ойнап.Қолыма бір құтыны ұстап алып,Құлпынай теруші едім, қырды бойлап.


Өтті сенде шуақты бал күндерім,Алсам ойға ауырады жүрегім.
Туған жерім кетсем дағы мен сенен,Кең далаңда бір аунасам деп едім....



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса