Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28

Боран және көктайғақ: 23 ақпанда ауа райы қандай болады?

0

23 ақпанда еліміздің солтүстік-батысында ауа температурасы күрт төмендеп, 25–37 градусқа дейін аяз болады. Кейін солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге де таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және күндіз -15…-17 градус. Ара-тұра қар, боран, көктайғақ. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Алматыда түнде -1…+1 градус, тұман. Күндіз +9…+11 градус, жаңбыр жауады.

Шымкентте түнде 0…+2 градус. Күндіз +10…+12 градус, жауын-шашынсыз.Өңірлер бойынша

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары – қар, боран, кей жерлерде қатты жел. Түнде -20…-28 градус дейін суытады.

Батыс Қазақстан, Атырау – жауын-шашынсыз, түнде -10…-23 градус, күндіз -12…+2 градус аралығы.

Шығыс Қазақстан, Абай облысы – қар, боран, көктайғақ. Түнде -5…-13 градус, күндіз -7…+2 градус.

Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары – жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, таулы аймақтарда көктайғақ. Күндіз +3…+12 градус.

Маңғыстау облысы – батысында жаңбыр, күндіз +3…+8 градус.Қызылорда облысы – жауын-шашынсыз, күндіз 0…-2 градус.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса