Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28

Бірнеше адамды алдап қашып кеткен күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

0

Бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Антальядан жеткізілген.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкенттің 4 тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, күдікті бой тасалап, қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса