Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 24, 25 және 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келетін суық антициклон әсер етеді. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, температура айтарлықтай төмендейді.
"Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Сонымен қатар жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін", – деп мәлімдеді синоптиктер.
Түнгі уақытта Батыс Қазақстанда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады. Солтүстік пен орталықта 28–37 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда 0–10 градус аяз болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
