Сербия президенті Астанаға ұшып келді
Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен келген. Астана әуежайында Сербия президентін гүл шоқтарымен қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
