Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 ақпан және 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

27 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31...-33 градус, күндіз -19...-21 градус.

28 ақпанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -15...-17 градус.

1 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғалы, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -13...-15 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

27 ақпанда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...-2 градус.

28 ақпанда бұлтты, кей уақытта қар, түнде қалың қар. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9 градус, күндіз -3...-5 градус.

1 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, тұман. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус, күндіз -3...-5 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса