Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

176 шетел азаматы Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр

0

176 адам Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр. Қазіргі кезде елде 304 шетел азаматының босқын мәртебесі бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Informburo сайтына берген жауабында осындай мәлімет айтылады.

"Босқын мәртебесін нәсіл, ұлт, сенім, азаматтық, қандай да бір әлеуметтік немесе саяси көзқарасына бола қудалау құрбаны болуы мүмкін шетел азаматы ала алады" деп түсіндірген ведомство.

Ведомство жауабында босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екені айтылмаған.

Қазақстан билігі бұған дейін соғыстан қашып келген кейбір ресейліктерге босқын мәртебесін бермеген. Босқын мәртебесін сонымен бірге Өзбекстан билігінің өздерін қудалап отырғанын айтқан бірқатар қарақалпақ белсенділері де ала алмаған еді.

Былтыр қарашада Адам құқығын қорғайтын 30-дан астам халықаралық ұйым Қазақстан билігін елде тұрып жатқан ауған әйелдерін депортацияламауға шақырған. Олар Қазақстан билігінің босқын мәртебесін алу бойынша өтінішті қараған кезде ауған әйелдеріне орындалмайтын талап қоятынын да жазған еді. Қазақстан билігі бұған реакция білдірген жоқ. Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, Қазақстанда шамамен 1 500 ауған азаматы бар, жартысына жуығы әйелдер мен балалар. Ал олардың босқын мәртебесін алу өтініштерінің басым бөлігі қабылданбаған: 2024 жылы 383 өтініштің тек 11-і ғана қабылданған.

Осы аптада Қазақстан Жоғарғы соты босқын мәртебесі жайлы шағымы қайта қаралғанға дейін шешен азаматы Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадициялауды тоқтатқан. Мовлаевтың өзі және адвокаттары оны Ресейге қайтарса, ол жақта қысым мен қудалау күтіп тұрғанын айтқан.

ЖО




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса