Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026

СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді

0

Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Иранға бармауға жәге онда жүрген қазақстандықтарды сол елден мүмкіндігінше шығып кетуге шақырды.

"Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады. Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз" деп жазылған Қазақстан СІМ хабарламасында.

Ведомство бұған қоса, Қазақстан азаматтары "Таяу Шығыс елдеріне сапарды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға" үндеді.

СІМ айтуынша, қазір Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылған.

АҚШ пен Иран арасы ушыққан шақта бұған дейін Польша, Швеция, Ұлыбритания және өзге елдер өз азаматтарын Иранға бармауға шақырған. БАҚ-тың жазуынша, Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты 26 ақпан күнгі келіссөзде ілгерілеушілік байқалмаған.

Осыған дейін АҚШ Таяу Шығысқа әскери күшін шоғырландыра бастаған. 24 ақпанда Америка тарихындағы ең ұзақ жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамп дипломатиядан нәтиже болмаса Иранға әскери шара қолдануы мүмкін екенін ескерткен.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса